Шымкент: Балалар ауруханасына өкпені желдету аппараты жеткізілді

2076
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/6387f082-daca-4bed-8402-22a7fb12f18c.jpeg
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен өкпе желдету аппараты орнатылды. Жаңа қондырғыны Дүниежүзілік Банк өз есебінен гуманитарлы көмек ретінде жеткізіп берген. «HAMILTON -G5» жасанды өкпені желдету аппаратын дәрігерлер жансақтау бөліміндегі науқастарды емдеу үшін қолданбақ. Қазіргі талаптарға сай заманауи аппарат ауыр респираторлық ауытқуы бар науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал-жабдық болып есептеледі дейді мамандар. Айта кетейік, қаладағы медициналық ұйымдарда материалдық-техникалық базаны толық қамтамасыз ету үшін 88 ИВЛ аппараты сатып алынады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 156 ИВЛ аппараты жеткізілді, қазіргі уақытта инсталляция жасалып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии