Бес жыл бұрын сотталған әйел түрмеге қамалды

2885
Adyrna.kz Telegram

Атырауда жеңгетайлық қызметтер ұсынып, притон ұстаған әйелге қатысты сот үкімі күшіне енді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Аталған азаматша 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК 309-бабымен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) айыпты деп танылып, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот оның кішкентай балалаларын ескеріп, жаза өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырылған”, – дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Даулетбаева.

Сотталған азаматшаның кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер