Биліктен қайыр болмаған соң, өз күшімізбен көпір салып алдық — ауыл тұрғындары

3377
Adyrna.kz Telegram

ШҚО, Үржар ауданы, Көктал ауылының тұрғындары өзен үстінен қатынайтын көпір салып алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Сайра Нусупбаева жазды.

«Тұрғындар жергілікті биліктен қайыр болмаған соң, өз күштерімен жаяу жүргіншілер мен мотоциклшілер үшін Қатынсу өзенінің үстінен көпір салып алған. Оның жобасы Семейдегі көпірге ұқсайды»,-деді ол.

Айта кетейік, көпірдің жобасын ауылдағы қарапайым ұстаз жасаған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер