Қостанайда елік атқан браконьерлер ұсталды

3012
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысында полицейлер екі браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды «Адырна» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 қазанда рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Қарабалық аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Аққұдық ауылының маңында  “ВАЗ-21093” маркалы автокөлігін тоқтатқан, автомашинада Қарабалық кентінің екі тұрғыны болған, көлікті тексеру кезінде  жүксалғышынан сібір еліктері мен тіркелмеген мылтық табылды.

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер тіркелмеген мылтық пен “ВАЗ” автомашинасын тәркіледі.

Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алуға және  жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулағаны үшін азаматтарға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мемлекетке келтірілген залал өтеледі, – деп атап өтті облыстық ПД  табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазин.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер