1057
Adyrna.kz Telegram

Бетперде кигісі келмейтіндерде психикалық ауытқулардың белгілері болуы мүмкін. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы КТК-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұған 15 жастан 73 жасқа дейінгі 1500 адам қатысқан Бразилиялық мамандардың зерттеу нәтижелері дәлел болып отыр, деп хабарлайды The Sun.

Сонымен, ғалымдардың пікірінше, бетперде киюден бас тартқан адамдарда дұшпандық және сондай тәуекелге баруға дайын болу сияқты белгілер бар

Бұл белгілер "тұлғаның қоғамға қарсы бұзылуы"диагнозы бар адамдарға тән. Бұл диагноз әртүрлі дәрежеде, адамның  жаман мінез-құлқынан, тіпті ауыр қылмыстарға дейін әкеліп соғатын  заң бұзушылықтарда да  көрінуі мүмкін.

«Бұл белгілер ішінара болса да,  науқастар мен өлім-жітімнің саны артсада адамдардың шектеу шараларын сақтамаудың себебін түсіндіреді. Осы зерттеуді жүргізген ғалымдардың пікірінше, олардың жасаған  жұмыстары биліктегілерге  тұрғындар арасында  маска тағудың пайдасы туралы түсінікті арттыруға септігін тигізеді.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер