Әкім жемқорлықпен күресуге көмек сұрады

1722

Сейсенбі, 27 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратында өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ халыққа «Естуші мемлекет» саясатын жүзеге асыру туралы есеп берді, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ratel.kz-ке сілтеме жасап.

Шенеунік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілерге көптеген жерге қатысты  алаяқтықтар бар екені  туралы айтып, шағымданды.

- Мен 2014 жылы облыс әкімі болып тағайындала салысымен, содан бері жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтармен күресіп келемін. Күн сайын жаңа фактілер туралы естимін. Бұл үлкен проблема. Бірде олар су қорғау аймағында, енді бірде жолдардың жанында жүреді, содан келіп олар бас жоспарды бұзады. Ал Алматы әуежайының жанындағы әуе апатына қатысты іс ше? Онда жерлер бастапқы жоспарды өзгертіп, заңсыз берілген.

Біз осы саладағы 100-ге жуық сыбайлас жемқорлықты бақылап, анықтадық. Әсіресе, Талғар, Қарасай және Іле облыстарында көптеген заң бұзушылықтар бар. 300-400-ге дейін заң бұзушылықтар есептелді.  Талғар ауданының әкімінің орынбасары ұсталды. Біз оларды басқа қызметтерге ауыстырдық және ал олардың соңынан осынан із жалғасқан, - деп түйіндеді Амандық Баталов.

Әкім сонымен қатар облыста инвесторлар үшін ешқандай жер қалмады деп шағымданды. Барлық жердің ең жақсы бөлігі жекеленіп кеткенін айтты.

- Бүгін америкалық инвесторлар жем-шөп базасы үшін 5000 гектар жер сұрап жатыр, бірақ біз оны таба алмай отырмыз. Қызылағаш бөгеті пайдалануға беріледі. Қызылша өсіретін инвесторлар бар. Бірақ біз Ақсу ауданында олар үшін тіпті бір гектар жер таба алмай отырмыз. Олар үлкен ақша салуға, өлке экономикасын көтеруге дайын, - деп шағымданды Амандық Баталов.

Алматы облысы жер заңнамасын бұзу фактілері көп анықталған өңірлердің анти-рейтингіне көшкені белгілі. Бұл фактілерді бұған дейін облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жариялаған болатын.

Фото ашық дереккөзден алынды

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы