Қуаныш Жұмабекұлының ғылыми еңбегі үздік деп танылып, кітабы АҚШ пен Түркияда сатылымға шықты!

3502
Adyrna.kz Telegram

«Ғылым» бағытындағы 2017 жылдың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Линвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Қуаныш Жұмабекұлының салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы қазақ-түрік мақал-мәтелдерінің тілдік тұрғыдан зерттелуіне арналған «Türkiye Türkçesi ve Kazak Türkçesinde Hayvan Adı İçeren Atasözleri Üzerine Karşılaştırmalı Bir Çalışma» тақырыбындағы докторлық диссертациясы Түркияның жүргізген мониторинг нәтижесіне сәйкес үздік деп танылып, түрік ағайындардың қолдауымен Ыстамбұл қаласындағы «Platanus Publishing» баспасынан 584 беттік монография ретінде жарық көрді.

Аталмыш еңбек АҚШ-тың amazon.com, Түркияның www.sozcukitabevi.com, www.babil.com, kidega.com, www.fidankitap.com, www.bkmkitap.com, www.kitapkoala.com, www.okuyanboga.com, www.siyasalkitap.com, www.istanbulkitapcisi.com, www.toptanasya.com, www.eren.com.tr сияқты интернет кітап дүкендерінде сатылымға шықты. Сондай-ақ Түркияның 81 қалаcының кітапханаларында оқырмандарға жол тартты.
Қазақ ғылымының көкжиегі кеңейе берсін!

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер