Досын пышақтап өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған

4065
Adyrna.kz Telegram

Бала кездегі досын пышақтап өлтіріп, денесін үйіндегі жерқоймаға көміп тастаған Виталий Валитов 11 жылға сотталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.

Орал сотында келтірілген деректерге қарағанда, ескі достар есік алдында арақ ішкен. Кейін екеуі сөзге келіп қалып, Виталий Валитов құрдасын ұрып құлатқан және мойнына екі рет пышақ салған. Артынан мәйітті жерқоймаға түсіріп көміп тастапты.

«Екеуі де бала күнінен бірге өскен жігіттер ғой. Бірақ қылмысты бізден жасырғанын білгенде қатты ашуландық. Енді оны өзіміз аяп, кешірім беріп отырмыз. Өйткені артында кішкентай баласы бар»,-деді марқұмның туысы Елена БАТАЕВА.

Сотта Валитов қылмысын толық мойындап, қаза болған досының туыстарынан кешірім сұрады. Судья өкінген қылмыскердің кәмелеттік жасқа толмаған қызын барын ескере отырып, оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер