Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
2001-2003 жж. — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.
2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі.
2005 ж. — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2005-2007 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.
2008-2016 жж. — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2020 ж. — «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты.
2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.
«Адырна» ұлттық порталы