БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Ғылым мен технологияға неге инвестиция салынбайды?

2781
Adyrna.kz Telegram

Бізде ғылым мен технологияға инвестиция салынбайды. Оның бірнеше себептері мен факторларын атауға болады. Олар:

1. Біздің қазіргі жұмыс жасап тұрған жүйе о баста фундаменті жемқорлықпен қаланған, арсыз, тойымсыз, ұлттық болмысынан айырылған, критикалық шектегі жемқорларды өсіретін үлкен ошаққа айналып кеткен. Бұл ошақтың оты жанбайды, тек қана бықсып тұра береді.

2. 30 жылдың аясында осы жүйенің панасынан әртүрлі деңгейдегі кландық топтардың "бизнесмендері" өсіп шықты. Бұлар тек қана жеңіл жолмен ақша тапты, ұрлады, сатты, тонады, жасырды. Ал, жемқорлар қаптаған жерде ешқандай да даму мен өркендеу болмайды, керісінше, дарындылардың бағы байланып, тұншығады немесе шетел асып, сонда өздерінің потенциалдарын жаратуға мүмкіндік табады. Біздегі жағдай осы.

3. Қазақтың қазынасы жеңіл жолмен тоналды. Оның қайда кетіп, қайда сатылып жатқаны жөнінде ешқандай да ашық есеп порталдары болмады. Мысалы, Еуропа елдерінде мемлекеттің ЖІӨ қайда кеткенін, қайдан келгенін көрсетіп тұратын арнай порталдар бар. Бізде іздеу де, сұрауы да жоқ. Жеңіл жолмен еуропалық милллардерлерді қуып озған адамдар ғылым, технологиямен, таза еңбекпен келген табысты бағаламайды. Себебі олар ғылымның не екенін де білмейді. Салған инвестициялары қайтатынына сенбейді. Сондықтан да олар ғылым мен технологияға иневстиция салмайды.

4. Ұрлап, тонап, сатып, байып кеткен адамдар қазақ ортасының ауқатты болып өсуіне мүдделі емес. Олар үшін халықтың ғылыми әлеуетінің артуы тиімсіз. Олардың барлығы тегіс орыстілді. Қазақтың ұлттық құндылықтары мен мүддесінен өте шалғайдағы адамдар. Қазаққа ділі де, болмысы да ешқашан жұғыспайды. Бұқараның білім мен ағартуға, ғылым мен технологияға жақындауынан олар қорқады. Себебі, қолындағы арзан жолмен жинаған байлықтарының барлығынан айырылып қалатынын біледі. Сондықтан да олар қазақы ортаның білімді әрі бақуытты болуына ешқашан да мүдделі емес. Мүдделі болмайды да. Ал қазіргі ұлтшылмын деген топтардың қалталарында қаражаттары жоқ. Қолдары қысқа. Қаражат болмағаннан соң мүмкіндік те шектеледі.

Міне, біздің елдегі ғылым мен технологияның дамымайтынының 30 жылдағы негізгі көрінісі осы.

Беболат Қаржанның жазбасынан

Пікірлер