Шымкенттіктер автокөлікті тіркеу куәлігі мен нөмірін үйге жеткізуге тапсырыс бере алады

1987
Adyrna.kz Telegram

Енді шымкенттіктер eGov.kz порталы арқылы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті үйге жеткізу қызметін ала алады.

Өтінімді рәсімдеу үшін «Электрондық үкімет» порталына кіріп, іздеу жүйесі арқылы «Көлік және коммуникациялар» қызметін табыңыз, «Автомобиль көлігі» бөлімшесінде «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін белгілеп, содан кейн авторизациядан өтіп, тапсырыс беру қажет.
Сондай-ақ, жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚО атауы мен мекен-жайын көрсете отырып, өтінімде көрсетілген барлық қажетті ақпаратты толтыру қажет. Сонымен қатар қызметке баж салығын төлеп, ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік смс-құпия сөз арқылы тіркелу қажет (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).
Естеріңізге сала кетейік, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді рәсімдеуге болады. Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.

«Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер