Депутат мемлекет қарызын халықтың есебінен төлеуді ұсынды

2814
Adyrna.kz Telegram

Жогорку Кенештің депутаты Айнуру Алтыбаева Қырғыстан азаматтарын елдің сыртқы қарызын жабу үшін ақша жинауға шақырды. Бұл туралы "Адырна" тілшісі 24.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат өзін оқиғаның бастамашысы деп атады және қаржыны бақылау үшін «Халықтық кеңес» деп аталатын бақылаушылар тобы құрылатынын айтты. Осы науқанға арнайы банктік шот ашып, жиналған қаражатты сол жерде сақтауды жоспарлап отыр.

Айнур Алтыбаева айлық жалақысын есепшотқа аударуға дайын екенін, өзі де шет қалғыыс келмейтінін мәлімдейді. Есепшотына айына 25 500 сом аударуға дайын.

Сыртқы қарызды қарапайым азаматтардың есебінен төлеуге тырысу алғашқы әрекет емес көрінеді 2018 жылы сол кезде үкімет бпасшысы болған Мухаммедкалый Абылгазиев азаматтардан көмек қаражатын жинуа үшін арнайы  есепшот ашуды ұсынды. Бұған ретінде азаматтар кейіннен сыртқы қарыздарын жемқор шенеуніктердің мүлкі есебінен төлеуді ұсынды.

Президент Атамбаев кезінде мұндай шоттар екі рет ашылды, деп жазады басылым. Олардың бірі ақшаны соммен, екіншісі доллармен үнемдеуге мүмкіндік берді. Шоттар 2012 жылы жабылды, ақша Қырғыстан қаржы министрлігіне аударылды. Мұндай мәлімдемелердің барлығы қазір елдің ұлттық қарызының өсуі аясында жасалып жатқандығы атап өтілді. Қырғызстанның ұлттық қарызының 46 пайызы Қытайға тиесілі екенін айта кетейік.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер