Шымкентте 28 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

2552
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 28 мыңға жуық отбасыға берілді.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес, тұрмысы төмен санатындағы тұрғындарға 11 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген. Биылғы жылға бұл мақсатқа 17,4 млрд. теңге бөлінген. Республика бюджетінен – 16,4 млрд. теңге, қалған қаражат жергілікті бюджеттен қаралған.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен «Магнум» сауда орталығы арқылы 25700 бала толығымен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері 1-3 жас аралығындағы балаларға – 61 959 пакет азық-түлік жиынтығы, 3-6 жас аралығындағы балаларға – 74 990 пакет азық-түлік жиынтығы, 1-6 жас аралығындағы балаларға– 31 921 пакет тұрмыстық-химия жиынтығы үлестіріліп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер