Дәрігерлер халықты санитарлық талаптарды сақтауға шақырды

2530
Adyrna.kz Telegram

Короновирус індетінің бірінші толқынында қызмет еткен дәрігерлер халықты санитарлық талаптарды сақтап жүруге шақырды деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Отбасынан жырақта жүріп, өз өмірін қатерге тігіа халыққа қызмет еткен ақ халатты абзал жандар індеттің бірінші толқынының оңай өтпегендігін айта отырып, ол кезеңдердің келмеске кеткенін тілеп отыр.

Жәмиля Бейсебаева, учаскелік педиатр:

Пандемияның бірінші толқынында күні-түні кезекшілікте болып, отбасымды көрместен қызмет еттім. Өзім де, өзге дәрігерлерде жұмыс барысында өздері де ауырып, әлем ауыр кезеңді бастан кешірді. Дәрігерлерлің жетіспеушілігі, өз арамызда ауру пайда болуы бізді есеңгіретіп жіберді. Короновирустың бірінші толқыны аз ғана уақыт ішінде қанша ма адамды жалмады. Бұндай індет бұрын соңды әлемде болмаған.

Қазір маусымдық тұмау кезеңі. Болжанып отырған коронавирус індетінің екінші толқыны келіп отыр. Бірінші толқынында үлкен, қарт кісілер үшін уайымдасақ, екінші толқын балалар үшін де аса қауіпті. Сол себепті де сіздердің ақылға келулеріңізді сұраймын. Барынша сақтанып, төзімділік танытайық. Вирус кеткен жоқ, вирус арамызда.

Әлем болып пандемияның бірінші толқынын бастан өткіздік. Бірінші толқын кезінде барша дәрігерлер өз қызметтерін мүлтіксіз атқарып, күні-түні халыққа көмек көрсетті. Орта және кіші медицина персоналдары жетіспей, қанша ма қызметкерлер мен Отандастарымыз көз жұмды. Көзіміз көргендей індеттің бірінші кезеңі оңайға соқпай, қанша ма адамды қырды. Дәл осы болған оқиға бізге сабақ болып, алдағы екінші толқында ол қателіктерді жібермеу сіз бен біздің өміріміз үшін маңызды. Қазір елімізде  маусымдық тұмау жүріп жатыр. Ал әлем елдерінде коронавирус індетінің екінші толқыны басталып та кетті. Сондықтан, барлық санитарлық талаптарды орындау, (қолды жиі-жиі жуу, санитайзерлер мен антисептиктерді қолдану, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағып, оны жиі ауыстырып отыру, қажет болмаған жағдайда адам көп шоғырланатын орындарда болмау). Өзімізді және де жақындарымызды осы  қарапайым санитарлық талаптарды орындай отырып қана сақтай аламыз. Өз өміріміз өз қолымызда екенін бір елі есте шығармай, жақынымызға да зиян тигізіп алудан сақтанайық.

 

“Адырна” ұлттық  порталы

Пікірлер