Маңғыстауда карантин талаптары күшейтіледі

2488
Adyrna.kz Telegram

13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді.

  • "Тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.
  • Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.
  • Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.
  • Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.
  • Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі",-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер