Ауылдық округ әкімі бюджеттен 11 840 000 теңге жымқырған

4376
Adyrna.kz Telegram

Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімі бюджеттен 11 840 000 теңге жымқырған, деп хабарлайды «Адырна» ҚР Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық әрекетінің жолын кесті.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалы «Құлан» бағдарламасы бойынша шаруашылық қожалығының иесіне 40 жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңгені құрайтын несие бергені анықталды.

Алайда, бөлінген несие шаруа қожалығының иесіне жетпеген.

Ауылдық округтің әкімі жалған құжаттар мен түбіртектерді пайдаланып, көрсетілген қаражатты алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 190-бабы 4-б. (аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша жүргізіліп, оның аясында ауылдық округ әкіміне «қамауға алу» шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер