Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ведомствоның басшылығымен келіссөз жүргізілгеннен кейін оны Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратынан шығарды. Митингіге шыққандар бірден экс-президентті қолдап, "Атамбаев" деп айғайлады.
Атамбаев өткен жылдың жазынан бері қамауда отыр.
Еске салайық, Бішкекте митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресе отырып, сағат 20.00-де "Ақ үйге" басып кірді. Республиканың заңнамалық органына өтпей қалған партия жақтастары қақпаны жүк көлігімен бұзып, ішке кірді.