23 жасар Сарыағаштық келіншек 6 баланың анасы атанды

3287
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/8b3f69ab-ef7a-4ab5-bd22-307996d71e9f.jpeg
23 жастағы Еркінай Есенбаева алты баланың анасы атанды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұңғышын 18 жасында басанған Сарыағаштық келіншек №1 облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді. Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте - сегіз айда босанған. Екі ұл мен бір қызды өмірге алып келген жас ана мен нәрестелердің қазіргі жағдайы жақсы және дәрігерлердің арнайы күтімінде.  Ата-ана отбасы мүшелерімен ақылдаса келе нәрестелерге Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін берген.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии