Шымкентте 800 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды

2243
Adyrna.kz Telegram

Осы жылы қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Көктем айларында 71 253 дана ағаш көшеттері отырғызылған. Ал күз мезгілінде 703 646 дана көшетті сенбіліктер аясында егіледі.

Сонымен қатар, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 8 ай көлемінде 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүл орындары мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон орындары жасалған. Сондай-ақ, 159 700 дана лигуструм егілген.

Қаладағы мұндай жасыл желектер отырғызу және күтіп ұстау жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» мердігер компаниясы атқаруда.

Одан өзге, орталық 131 көшеге және Бадам өзені жағалауы, Мәделі көшесі, Темірлан тас жолы бойындағы гүлзарларда 66,2 гектар газон орындарына, 290 мың данадан аса ағаш көшеттеріне күтіп ұстау жұмыстары жүргізілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер