Еңбекші ауданы: Қазығұрт аумағының қариялары қуанышқа кенелді

255

Қариясы бар елдің қазынасы мол. Бүгін Шымкент қаласының аудан аумақтарында қарттар күні мерекесі аталып өтілуде. Мерекеде аудандағы қадірлі қарияларға құрмет көрсету, сый-сыяпат жасау дәстүрге айналған.

Еңбекші ауданында мерекеге орай бірқатар қадірлі қарттарға мерекелік сыйлықтар таратылуда. Қазығұрт аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Данай Шуылдақ аумақтағы бірқатар қарияларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар тарту етті.
Іс-шараға аудандағы демеушілер де атсалысып жатқанын айта кету керек.

 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер
Редакция таңдауы