Қарттарға біржолғы көмек көрсетілмек

377

Қарттар күніне орай 216 мыңнан астам қазақстандық зейнеткерлерге біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Хабарламада «Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамға 2,6 млрд теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек беріледі», - делінген.

Сондай-ақ, 1 қазанда Қазақстанда қарттар күніне арналған 1 айлық іс-шаралар жүргізіледі. Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар республиканың барлық аймақтарында өтеді.

Министрлік 2020 жылы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың әртүрлі нысандарына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінгенін нақтылады.

1 қазанда Қазақстанда қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында (1990 ж. 14 желтоқсандағы № А / RES / 45/106 қарар) Халықаралық қарттар күні деп жарияланды. Республикада 2 миллионнан астам зейнеткер тұрады.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы