Біздің депутаттар қырғыздың сайлауын бақыламақ

1097

Еліміздің Парламентінің екі палатасының депутаттары Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кенешіне сайлауды бақылайтын болады, деп хабарлайды «Эхо Казахстана» сайты  vestikavkaza.ru жаңалықтар ресурсына сілтеме жасап.

Көрші елдің парламентіне сайлау осы жылдың 4 қазанына белгіленген. Депутаттық орындар үшін 16 саяси бірлестік күресетін болады.

Қазақстан Сенатынан Жогорку Кенешке сайлауды үш депутат бақылайтын болады. Олар: Мұрат Бақтиярұлы, Бақытжан Жұмағұлов және Динар Нөкетаева.

Мәжілістен Қырғызстандағы парламенттік сайлауды үш депутат, атап айтқанда Мұхтар Ерман, Арман Қожахметов және Дархан Мыңбай бақылайтын болады.

Қырғыз Республикасына баратын қазақстандық делегацияның түпкілікті құрамын бір апта ішінде еліміздің Ортадық сайлау комитеті бекітеді.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер
Редакция таңдауы