Ильхам Әлиев Пашинянды «паршалап сынап тастады»

2855
Adyrna.kz Telegram

Ислам Республикасының Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Біләл Хайимен кездесу барысында Әзербайжан президенті Таулы Қарабахтағы жағдайға қатысты өз ойын білдірді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Trend ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.  

«Екі жыл бұрын қылмыстық топқа құрылған Ереван билігі құлатылып, орнына жаңа билік жайғасып еді. Жаңа билік араздық пен өшпенділікке нүкте қояды деп үтілді. Өкінішке қарай, Пашинянның диктаторлық билігі әлемге қауіп төндіре бастады» деді Әзербайжан президенті Ильхам ӘЛИЕВ.

«Өкінішке қарай, халықаралық қауымдастық Пашинянның диктаторлық әрекетіне көз жұма қарап отыр. Диктаторлық бұл елде ресми саясатқа айналғаны сонша, таяуда ғана оппозициялық партия жетекшісі қамауға алынды. Бұрынғы екі президентке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Журналистері түрмеде қайтыс болып жатыр.  Елде қуғын, сүргін белең алған. Пашинян –Арменияның жаңа диктаторы. Өкінішке қарай, құқық қорғау ұйымдары оның әрекеттеріне тосқауыл қоймай отыр», -деді Әзербайжан мемлекетінің президенті.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер