Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жүйесі үшін ауқымды реформалар кезеңі болды. Бұған әсер етуші Президент бекіткен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 Мемлекеттік бағдарламасы», жаңа редакциядағы ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Заңдар. Бұл құжаттардың барлығы білім беру жүйесін жетілдіруге, оның сапасын арттыруға және білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.
Жаңа Қазақстанды құрудың басты стратегиялық бағыттарының бірі адами капиталды дамыту, білім, ғылым, инновация сияқты үш базалық аспекттен тұратын зияткерлік ұлтты қалыптастыру болып табылады.
Білім беру жүйесіне осындай елеулі жаңалықтар енгізу, ең алдымен, экономиканың бағыттылығы мен құрылымын түбегейлі өзгертетін және барлық деңгейдегі жаңадан даярланған кадрларды талап ететін елдің үдемелі «Индустриялық-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» шығуымен байланысты, өйткені қазіргі заманғы жаһандық экономикалық дағдарыстар мен катаклизмдер қазіргі уақытта барлық елдердің экономикалық және технологиялық даму модельдерінің елеулі қайшылықтары мен шектеулерін көрсетті. Осыған байланысты әлемнің көптеген елдерінде экономикалық өсудің жаңа сапасына көшу үшін жаңа парадигма мен стратегиялық ресурстарды іздестіру жүргізілуде. Олардың ішінде Қазақстанда дамудың жаңа деңгейіне серпіліс жасаудың бірегей мүмкіндігін пайдалануға бағытталған, онда бүгінгі күні еліміздің технологиялық болашағына интеллектуалдық плацдарм болуға қабілетті мүлдем жаңа бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне елеулі орын бөлінген. Біздің колледж бұл процестерден тыс қала алмайды және қалмауы керек.
Сатылы білім жүйесін іске асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универсиетінің Жоғары колледжі, университет ректоры Б.А.Ердембековтың бастамасын ашылған. Екі жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Колледжде 22 мамандық бойынша 900-ге жуық білім алушы білім алуда. «Жұбанов жылуы» акциясы аясында колледж студенттеріне білім гранттарын ұсыну дәстүрлі жолға қойылды. Әлеуметтік топтың ірі өкілдері меценат тағайындаған гранттар көмегімен 30-ға жуық студент білім алуда.
Жаңа уақыт, Қазақстандық білім беру жүйесіне қойылған жаңа талаптар бізді абдыратқан жоқ, себебі біз білім беру қызметінің анағұрлым жоғары сатысына көшуіне дайынбыз. Жаңа оқу жылына колледжге жаңа тың серпіліс беретін «Жаңа бастама: Өзгеріске 5 қадам» бағдарламасын бастама етіп алып отырмыз.
- Бағыт -Тәрбие
- «Жас ақындар» телестудиясын құру;
- Кәсіпкерлікке баулу бағытында ҒЗЖ-на бағытталған колледждің шағын кәсіпорындарын құру;
- ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Халыққа Жолдауындағы Экология және биоалуантүрлілікті қорғау бағытын іске асыру мақсатында колледж кабинеттері мен маңын абаттандыру үшін «Жасыл желек» айдарымен еріктілер тобын құру.
- Бағыт - Болон процесі бойынша жұмысқа көшу жағдайында колледжді басқарудың негізгі ережелері мен принциптері
- Білім беру бағдарламалары мен кадрдың сапасы
- Студенттерді даярлау сапасы
- Инфрақұрылым мен оқу ортасының сапасы
- Оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі
- Сапалы оқыту
- Талантты студенттер мен оқытушылардың салмағының артуы
- Академиялық еркіндік
- Басқарушылық құрылымдардың функцияларын нақты бөлу және дербестігі, инновация
- Студенттердің оқуы, ғылыми зерттеулер жүргізуіне қолайлы аудиторялардың жабдықталуы.
- Бағыт – Кадрлық әлеуетті арттыру
- Колледж саясатын дәйекті жүргізетін және ұжымды жігерлендіруге қабілетті, колледждің даму стратегиясын түсінетін, табыс атмосферасын құратын және тұрақты ойлар мен өзгерістер мәдениетін жетілдіретін көшбасшыларды колледж әкімшілігі құрамына таңдау.
- Ірі мемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларын колледждің Қамқоршылық Кеңесінің құрамына шақыру. Негізгі мақсат осы компаниялар үшін кадрлар даярлауда бірыңғай саясатты қалыптастыру, меценаттықты дамыту. Бұл тиісті оқу бағдарламаларын таңдау, осы кәсіпорындардың қажеттіліктеріне толық жауап беретін оқу жоспарларын, қолданбалы оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде тікелей байланыстар жасауға мүмкіндік береді.
- 2022жылға қарай жыл сайынғы көрсеткіштер бойынша мамандандырылған аккредиттеу талаптарын орындау үшін оқытушылар құрамына қойылатын талаптарды нормаға дейін ұлғайта отырып әзірлеу (олардың өз әзірлемелерін патенттер мен лицензиялау арқылы жаңа технологияларды дамытуға қосқан үлесі, жарияланымдар саны т.б.
- Дарынды оқытушыларды жоғары жалақымен көтермелеу жөнінде шаралар әзірлеу. Өзге колледждер мен жоғары оқу орындарынан оқытушылар қорын құрып колледжде жұмыс істеуге тарту.
- Аиалған бағыттар осы уақытқа дейін жүзеге асырылмады, егер олар жүзеге асырылсада, жүйесіз және сәйкес емес.
- Бағыт - Кредиттік технология бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
- Білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын пәндер мен оқытушыларды таңдау кезінде студенттердің мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алу;
- Жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту барысында қажеттіліктерді қанағаттандыру;
- Оқытушылардың білім беруін генерациялаудың жаңа модельдерін жасау үшін жағдайлар жасау;
- Дайындық сапасын арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау:
- Бағыт - Материалдық техникалық базаны дамыту
Такишева Гулбану Ақылбекқызы,
Қ.Жұбанов атындағы Жоғарғы колледж директоры