Францияда шешен азаматын атып кетті

5309
Adyrna.kz Telegram

Францияның Эврё қаласында 27 жастағы шешен азаматын атып кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы France Bleu радио желісіне сілтеме жасап.

Оқиға 25 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында қаладағы барлардың бірінде болған. Куәгерлер шешен және африка диаспораларының өкілдері арасында қақтығыс болғанын айтты. Төбелеске қатысушылардың бірі қарсыласына оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Өкінішке қарай, дәрігерлер зардап шегушіні құтқара алмады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Францияның шығысындағы Дижон қаласында шешендер мен Солтүстік Африкадан шыққан жергілікті тұрғындар арасында жанжал орын алған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер