«Egemen Qazaqstan» Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау құқығын иеленді

2386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/e7d37cb9-37ee-44bb-b55d-1396ecaf7a5a.jpeg
Ғасырмен үндескен «Egemen Qazaqstan» басылымы Ақ­парат және қоғамдық даму министр­лігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялаудың эксклюзивті құқығын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Project Syndicate авторларының қатарында әлемдік деңгейдегі сая­саткерлер, ғалымдар, зерттеушілер, бизнесмендер, 45 Нобель сыйлы­ғының лауреаты, 111 мемлекет басшысы бар. Жоба материалдары әлемнің 150 еліндегі 500-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Project Syndicate-те жарық көр­ген колумнистер мен сарап­шылардың ең таңдаулы мақалалары мен пікірлерін, са­раптамалары мен шолуларын қалың оқыр­манға қазақ тілінде ұсынатын бола­мыз. Бұл қадам еліміздегі медиа ке­ңіс­тіктің аясын кеңейтіп, жұртшылықтың сапалы ақпарат көздеріне деген қол­жетімділігін арттыра түсетіні сөзсіз. Газеттің бүгін қолдарыңызға тиген санындағы арнаулы бетте мақа­ла­лардың алғашқы легі жарияланып отыр, деп жазады басылым. Ұлыбританияның 1997-2007 жыл­дардағы премьер-министрі Тони Блэрдің Африкадағы ауыл шаруашылығына арналған мақаласында әлемдегі азық-түлік тап­шылығын болдырмас үшін «қара құр­лықтағы» осы саланы дамы­ту­дың маңызы туралы айтылады. Атал­ған мақала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жол­дауында айтылған ауыл ша­руашылығын дамыту мәселесімен үндеседі. Ал коронавируспен күрес жөніндегі жарияланымда әлемді дүр сілкінткен індетпен тиімді күрес тәсілдері сөз болады», - деп жазады басылым.
Комментарии