Нұр-Сұлтанда жаңа кеңес құрылады

4498
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес құрылады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап. Оның құрамына жануарларды қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, ветеринария қызметкерлері, ғалымдар, ауылшаруашылық университеттерінің оқытушылары және практик-ветеринарлар кіреді.

Топтық кездесулер тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Бұл туралы бүгін жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков мәлімдеді.Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес қала әкімдігі жанынан жұмыс істейтін болады. Ол жануарлардың құқығын қорғаумен, қаланы күтіп ұстауға арналған инфрақұрылыммен, үйсіздік проблемаларымен (баспана, жануарлар популяциясын реттеу) айналысады, ең бастысы, жануарларға ізгілікпен қарау принциптерін қолдайды.

Жануарлар құқығын қорғаушылар мемлекеттік органның бастамасын қолдады.

Біз қоғамдық кеңес құру туралы 2017 жылдан бері айтып келеміз, тіпті қамқоршылар кеңесіне ереже жаздық, бірақ ол өтпеді. Менің ойымша, бұл дұрыс көзқараспен жасалған жақсы бастама. Әкімдік тарапынан қоғамдық бақылау және ұйымдастырушылық қолдау болады, - деді INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сарсенова.

Кездесуде жаңа питомникті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері де талқыланды. Жиынға INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сарсенова, Halfwayhome жануарлар баспанасының басшысы Ганикен Дербисалиева, «Я живой» баспанасының басшысы Елизавета Липисей, «Ковчег» баспана ұйымдастырушысы Сюзанна Чуланова және т.б. қатысты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер