Украиналық блогерлермен пікірсайыс кезінде қостанайлық азамат Кирил Александрович Божко "қазақ тілін – маймылдардың тілі, қазақтар – маймылдар" деп көсілді. Сонымен қоса ол "азақтарды ұнатпайтынын, оны әр қазақтың бетіне тура айта алатынын" да жеткізген.
Қазақстанды орыс отары деп есептейтін оның тегі кім екені қазірше белгісіз. Алдында ол украина блогерінің «Өз басым қазақ халқын құрметтеймін. Сен кімсің өзің? Басқа халықтар туралы олай деуге болмайды, тым артық кеткен жоқсың ба? Ертең сүмірейіп кешірім
Казахстан, Узбекистан, Турция, Азербайджан и Пакистан провели впервые совместные военные учения. К чему бы это?
сұрап тұрасың ғой» деп ескерткенінде ол «ешқашан кешірім сұрамаймын» деп астамдығын көрсеткен болатын.
Кешегі "батыр" бүгін бұл қылықтарын сол кезде мас болғанына сілтеп, ақталып, қазақтардан кешірім сұрауда. Айтуынша, оның ешкімді ренжіткісі келмепті. «Бұл үшін жаза тартуға да дайынмын», – деді Божко.
"Ұлтараздығын тудыру" бабы бойынша оның бұл қылығы 174-шә бапқа әбден лайық екенін әлеуметтік желідегі жұрт ашулана жазуда.
Новости по теме

"Адырна" ұлттық порталы