Иран АҚШ санкцияларының салдарын бағалады

2423
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/makala.jpg
­Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф АҚШ-тың Ислам мемлекетіне қарсы салған жаңа санкцияларының салдарын бағалады. Бұл туралы ол «Халықаралық қатынастар комитеті» ұйымдастырған пікірталас алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  tass.ru-ға сілтеме жасап. Сыртқы істер министрінің айтуынша, АҚШ-тың кезекті санкциясында өзгерістер жоқ.
«Менің ойымша, олар Иранға айтарлықтай әсер етпейді», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйекте АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын қайта енгізетінін мәлімдеген еді.

                                                                                                                                "Адырна" ұлттық порталы

Комментарии