“Жаһандық жаңалық” мәңгі, тұрақты күнтізбеге арналған конференция

3586
Adyrna.kz Telegram

Құрметті достар!

Ертең, 18 қыркүйек күні Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен мәңгі тұрақты күнтізбеге арналған «Жаһандық жаңалық» атты конференция өтеді.

Алқалы жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жоғары Мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, Халықаралық Акмеология ғылым академиясының академигі, халықаралық Платон сыйлығының иегері Сайлыбай Бекболатов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Басқосуға арқау болған тақырып ғаламдық күнтізбеге қатысты тұжырымдары мен ұсыныстарына арналады. Жиын аясында Ә. Ахметов пен С. Бекболатов арнайы баяндама жасайды.

Айта кетейік, биыл белгілі ғалым Сайлыбай Бекболатовтың Оңтүстік Африка мемлекетінде ағылшын тілінде жарық көрген «Unified, Constant Calender» (“Мәңгі тұрақты күнтізбе”) атты ғылыми монографиясы ғылыми жаңалық ретінде Батыс елдеріне кең таралып, Google ғаламтор жүйесіне ресми тіркелді. Тұрақты, мәңгі күнтізбенің электрондық жүйесі де сәтті жасақталып, ол да Google-ге халықаралық заңдарға сәйкес тіркеліп, ресми айналымға енгізілді.
Қатысам деушілерге ZOOM конференциямыз ашық болады.

https://us02web.zoom.us/j/83723987266

Webinar ID: 837 2398 7266

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер