Белгілі алаштанушы «Ақ жол» партиясының мүшесі болды

2302
Adyrna.kz Telegram

Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Жүсіптің өтініші фракцияның осы отырысында бейнеконфереренцияға қатысып отырған «Ақ жолдың» барлық филиалы өкілдерінің қатысуымен дауысқа салынды. Оның өтініші бірауыздан мақұлданып, партия қатарына қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы алаштанушының өзі Facebook парақшасында жазды.

«Шыны керек, бұл шешім оңай болған жоқ. Елге оралған 2013 жылдан бері 7 жыл өтті. Әйтсе де «Ақ жол» демократиялық партиясына кіруіме бұл саяси ұйымның өзін қазіргі Қазақ елінің мызғымас іргетасын қалап, шекарасын белгілеп кеткен ХХ ғасыр басындағы «Алаш» партиясының мұрагері деп сөз жүзінде ғана емес, жетекшісі, «Алаш» қайраткері Перуаш Кәрімұлының немересі Азат Перуашев бастаған партияның «Алаш» идеясын, қозғалысын, партиясын, атаулас Ұлттық Жерлі Автономиясын және «Алаш» қайраткерлерін тиянақты іс-әрекетімен, қазақша-орысша мақала-жарияланымдарымен, ұлттық, халықаралық ғылыми байқауларымен, ғылыми конференцияларымен мүмкіндігінше шар тарапқа насихаттап келе жатқан игі ісі түрткі болды. Бүгін «Алаш» тақырыбын «Ақ жол»-дан артық насихаттаған партия бар ма!? Ал исі қазаққа «Алаш»-тан асқан идея табыла ма!?» - деп жазды Сұлтан Хан Аққұлы.

Пікірлер