Жаңаөзенде жаңа туған нәрестені көшеге лақтырып кеткен

20527
Adyrna.kz Telegram

Өткен тәулікте Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жаңа туған нәрестені кіндігін кеспесі далаға тастап кеткен. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінің Бибигуль РАМАЗАНОВА есімді қолданушысы өз парақшасында жариялады, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бибигуль Рамазанова: «102» қызметкерлеріне ақпарат берілді. Жаңа туған нәрестені көшеге лақтырып жіберген. Ұл бала, салмағы – 2700,0. Кіндікті шамамен жұлып алған. Оны «103» күймесі алып келді.

Жағдайы тұрақты, перзентханада, жаңа туған нәрестелер бөлімінде», - деп хабарлаған азаматша қайда бару керектігін сұрайды. Азаматша сондай-ақ сәби табылған мекенжайды: «Адрес Жаңаөзен, Рахат 4, 36-52 үй қасына тастап кеткен», - деп көрсеткен. Оның айтуынша, кіндікті кеспей, жұлып алған бұрын тумаған жас ана болуы мүмкін.

Статистикаға сүйенсек, әр оныншы жаңа туған нәрестені өмірге әкелген анасы 15 жасқа толмаған қыздар.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер