Бүгін-соғыс ойыншықтарын жою күні

2682
Adyrna.kz Telegram

Бұл ата-аналардың қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға көмек көрсететін дүниежүзілік қауымдастықтың бастамасы бойынша алғаш рет 1988 жылы аталып өткен. Бұл күні соғыс ойыншықтарын тәттілерге және жұмсақ ойыншықтарға ауыстыратын болған.

Идея «Әлемдегі ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларды қорғау» ұйымына тиеслі. Ең алғаш 1987 жылы қыркүйекте атап өту бастамасын көтерген. Бастамалары қолдау тауып, келесі жылы жүзеге асады.

Психологтардың айтуынша, соғыс ойыншықтары яғни мылтық тағы да басқа қару түрлері баланың физикалық денсаулығына зиян дейді. Сонымен қатар бала кішкентайынан ойыншық ойнайды. Сол уақыттан бастап мылтықтың суық қару екенін біле  тұра, бір-бірін пистолетпен қорқытып, бір-біріне қару кезенеді. Ал бұл баланы жастайынан қатыгездікке үйретіп, психиасына едәуір зиянын тигізеді.

Қазіргі бейбіт заманда осындай бала денсаулығы мен психикасына әсер ететін зиянды ойыншықтар әлі де саудаланып, ата-аналар тарапынан ешқандай қарсылық көрмей келеді. Балардың да аулада бір-біріне мылтық кезеп, бірін-бірі қорқытатындығыбіз үшін қалыпты жағдай.

Кейде қазіргі балалар тым қатыгез және агрессивті деп бар кінәні гаджет пен әлеуметтік желілерге жаба саламыз. Кінәнің түп төркіні өзімізде екенін, яғни кішкентай кезінде дұрыс ойыншық алып бермегендігімізде екенін қашан түсінер екенбіз?

 

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер