Лукашенко Беларуссияның басты проблемасын атады

2830
Adyrna.kz Telegram

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Минскідегі жиналыста республиканың басты мәселесін атады деп хабарлайды, «РИА Новости» ақпараттық агенттігі.

   "Мен ылғи да айтамын және тағы да еске салғым келеді, біздің басты міндетіміз, басты проблемамыз, алаңдататын бұл —  экономика. Бізде экономика бар, демек қалғанының бәрі болады. Экономика болмаса, сонда идеологияға да, қауіпсіздікке де, елдегі тыныштыққа да сенудің қажеті жоқ", — деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, соңғы уақытта билік "экономика қалыпты жұмыс жасауы үшін" көп істер атқарды.

  Президент Ресеймен үкіметаралық консультациялар мен қол жеткізген келісімдер Беларусь экономикасы үшін "оң нәтиже береді" деп санайды.

  Еске сала кетсек, Беларуссияда оппозицияның жаппай наразылық акциялары 9 тамызда басталған болатын. ОСК мәліметтері бойынша, қазіргі көшбасшы Александр Лукашенко 80,1% дауыс жинап, президент тағына 6 мәрте отырды. Оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Светлана Тихоновская жеңді деп санайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер