Шенеуніктердің саны қысқаратын болды

2900
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында  биыл мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлер санын 10%-ға, келер жылы 15%-ға қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна".

«Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлер санын қысқарту мерзімін тездетуді тапсырамын. Биыл аталған қызметкерлердің санын 10 пайызға, келесі жылы тағы 15 пайызға  қысқарту керек. Осылайша, біз шенеуніктердің санын 25%-ға қысқарту керек деген міндетті 2021 жылы орындап қоямыз», - деді Президент жолдауында.

Пікірлер