Еуропа Лигасы: Екі командамыз елде ойнайды

1001

Еуропа футбол ассосациясының (УЕФА) штаб-пәтерінде (Ньон) Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

 Мұнда қазақстандық клубтардың қарсыласы анықталып, елордалық «Астана» өз алаңында Черногорияның «Будучность» командасымен, Қызылорданың «Қайсары» Кипрдің АПОЕЛ командасымен ойнайтын болды. Ал «Қайрат» болса «Маккаби» Хайфа мен "Железничар" жұбының жеңімпазымен сырт алаңда ойнайды. Ойын 17 қыркүйекте өтеді.

Бұл жарысқа "Қайсар" алғаш рет қатысып отырғанына қарамастан, кубок жеңімпазы ретінде екінші іріктеу сатысынан бастап отыр. Ал Нұр-Сұлтанның «Астанасы» Чемпиондар Лигасы турнирінің алғашқы іріктеуінде Беларусьтің «Динамо-Брест» командасынан 3:6 есебімен ұтылып, жарысты Еуропа Лигасында жалғастыруға мәжбүр болды. Бірінші іріктеуге қатысқан "Қайрат" Арменияның "Ноа" командасын 4:1 есебімен ұтты.

 Негізгі іріктеу

«Хаммарбю» (Швеция) – «Лех» (Польша)
«Маккаби» Хайфа (Израиль) / «Железничар» (Босния) - Қайрат (Қазақстан)
Б-36 (Фареры) - ТНС (Уэльс)
«Бачка-Топола» (Сербия) - ФКСБ (Румыния)
«Прогрес» (Люксембург) – «Виллем» II (Нидерланды)
«Сфынтул Георге» (Молдова) – «Партизан» (Сербия)
«Локомотив» Пловдив (Болгария) – «Тоттенхэм» (Англия)
«Гонвед» (Венгрия) – «Мальме» (Швеция)
«Линкольн» Ред Импс (Гибралтар) – «Рейнджерс» (Шотландия)
«Ренова» (Македония) – «Хайдук» (Хорватия)
«Дунайска Стреда» (Словакия) – «Яблонец» (Чехия)
«Шэмрок Роверс» (Ирландия) – «Милан» (Италия)

«Қайсар» (Қазақстан) - АПОЕЛ (Кипр)
«Локомотиви» (Грузия) – «Динамо» Москва (Ресей)
«Колрейн» (Сев.Ирландия) – «Мазервелл» (Шотландия)
«Теута» (Албания) – «Гранада» (Испания)
«Викинг» (Норвегия) – «Абердин» (Шотландия)
ЦСКА София (Болгария) - БАТЭ (Беларусь)
«Лячи» (Албания) – «Хапоэль» Беэр-Шева (Израиль)
Вентспилс (Латвия) - Русенборг (Норвегия)
Серветт (Швейцария) - Реймс (Франция)
«Олимпия» Любляна (Словения) – «Зриньски» (Босния)
«Пьяст» (Польша) – «Хартберг» (Австрия)
«Хибернианс» (Мальта) – «Фехервар» (Венгрия)

«Нымме Калью» (Эстония) / “Мура” (Словения) – «Орхус» (Дания)
«Нефтчи» (Әзірбайжан) – «Галатасарай» (Түркия)
«Гетеборг» (Швеция) – «Копенгаген» (Дания)
ОФИ (Греция) – «Аполлон Лимасол» (Кипр)
«Бала Таун» (Уэльс) – «Стандард» (Бельгия)
«Ботошани» (Румыния) – «Шкендия» (Македония)
«Арис» (Грекия) – «Колос» (Украина)
«Ритеряй» (Литва) – «Слован Либерец» (Чехия)
«Борац Баня-Лука» (Босния) – «Риу Аве» (Португалия)
«Кукес» (Албания) – «Вольфсбург» (Германия)
«Осиек» (Хорватия) – «Базель» (Швейцария)
«Буде-Глимт» (Норвегия) – «Жальгирис» (Литва)

 

Чемпиондар іріктеуі

«Интер» Эскальдес (Андорра) – «Дандолк» (Ирландия)
«КуПС» (Финляндия) – «Слован» Братислава (Словакия)
«Линфилд» (Сев.Ирландия) – «Флориана» (Мальта)

«Рига» (Латвия) – «Тре Фиори» (Сан-Марино)
«Юргорден» (Швеция) – «Европа» (Гибралтар)
«Флора» (Эстония) – «Рейкьявик» (Исландия)

«Силекс» (Македония) – «Дрита» (Косово)
«Астана» (Қазақстан) – «Будучность» (Черногория)
«Арарат» (Армения) – «Фола» (Люксембург)
«Коннас-Ки» (Уэльс) – «Динамо» Тбилиси (Грузия)

 

Кеше Қазақстан чемпионатының жетінші тур ойындары аяқталды. Турнир кестесінде 7 ойын өткізген  "Қайрат" 18 ұпаймен көш бастап келе жатса,  "Қайсар" (6 ойын) 13 ұпаймен екінші, "Астана" (6 ойын) 11 ұпамен үшінші орында келе жатыр.

 

Жанболат Сарқасқа,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы