Сақал онкологиялық аурудан қорғай ма?

1566

Ресей медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дерматовенеролог дәрігер Наталья Козлова «Аргументы и Факты» газетіне берген сұхбатында сақал қою адамды онкологиялық аурудан қорғауы мүмкін екенін айтады. Дәрігер беттегі сақалдың терідегі табиғи майларды қорғауға септігін тигізетінін, соның есебінен бет терісінің қажетті деңгейде ылғалданып тұратынын алға тартады.

Жалпы адамның бетінде шығатын кез келген түктің түрі теріні күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайтыны мәлім. Ал сақал қою осы қорғанышты көбейте түседі деген пікірде ресейлік дәрігер. Козлованың сөзін сенсек, мұрт, сақал адамды сыртқы аллергиялық реакциялардан да сақтайтын көрінеді. Өйткені сырттан түсетін түрлі микробтар сақал, мұрттың сүзгісіне түсіп, адам ағзасына қарай өтпейді. Сонымен қатар беттегі түктер, мәселен, мұрт, сақал, кірпік, қас мықты сүзгінің қызметін атқарады.  Дәрігер адам неғұрлым аз қырынса, соғұрлым беттің түрлі безеулерден таза болатынын айтады.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер
Редакция таңдауы