Адам ағзасының бағасы қанша?

2518

«Популярная механика» журналы әртүрлі дереккөздерді пайдалана отырып, адам ағзасының қанша тұратынын есептеді.  

Басылымның жазуынша, екі бүйректің құны 50 мың долларға дейін жетеді. Бауырдың бағасы 200 мың доллардан басталса, ұйқы безі - 70 мың доллар, өкпе - 200 мың доллар тұрады. Көздің қасаң қабығы - 350 мың доллар.  Ал жыныс бездері 15 мың долларға дейін бағаланады.

Сүйек кемігі граммдап сатылады

1 гр - 23 мың доллар (ересек адамның денесінде орта есеппен 2,5 килограмм сүйек кемегі болады десек, оны сату арқылы 57,5 ​​миллион теңге ақшаға кенелуге болады. Алайда бұл абсолютті утопия.) Қайтыс болған адамның органдарыарзанға түседі.

Адамның сүйектерін заңды түрде сатып алуға болады

Мысалы, skullsunlimited.com сайтына кірсеңіз, төмендегідей бағаларды көре аласыз: адамның толық сүйегі - 335 доллар тұрса , тобық - 35 доллар, бас сүйектің жартысы - 650 долларға сатылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Үндістан, Пәкістан, Таиланд, Иран, Ирак елдері адам мүшелерін саудалау бойынша көш бастап тұр.

 

Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы