Алматыда Абайды дәріптеуге арналған онлайн семинар өтті

437

Медеу ауданының Жастар ресурстық орталығы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен біріге отырып «Абайдың даналық ойларындағы құндылықтардың жастарға берері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлының рухани ілім білімі, тәлім-тәрбие құндылықтары еліміздің өскелең ұрпақтары мен студент жастардың заманауи көзқарастарының дамуына орасан зор мүмкіндіктер берері сөзсіз. Семинарда ҚазҰПУ-нің Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері   PhD докторант, жазушы – драматург, сыншы Байбол Әлібек және PhD докторант, тарихшы Сейтқазиев Руслан ақынның өлеңдері мен еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелі пәлсапаларына жаңа қырларына тереңдеп  ой қозғады.

Сонымен қатар, психология саласынан «Кемшіліктеріңізді жеңуге тырысыңыз» онлайн семинар өткізілді. Іс-шараны психолог Мырзабай Сейілбек жүргізді. Жастар арасында кемшіліктің алдын алу жолында профилактикалық шараларды, негізгі қағидалары жөнінде әңгіме өрбіді.

Атап өтетін жайт, бұндай шаралар Медеу ауданының Жастар ресурстық орталығында жастардың сұраныстары бойынша тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

«Алдағы уақыты ауқымы кең іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Қаламыздың жастарын еліміздің қоғамдық өмірінде белсенді болуға шақырамыз және орталығымыздың есігі жастар үшін әрдайым ашық екенін жеткізгіміз келеді», дейді ұйымдастырушылар.

Гүлвира Асқар

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы