Мұғалім COVID-19 жұқтырса, өтемақы төлене ме?

2784
Adyrna.kz Telegram

ОКҚ-де өткен онлайн брифинг барысында қойылған «Кезекші сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер жұмыс барысында коронавирус жұқтырса, дәрігерлерге берілгендей өтемақы төлене ме?» деген журналистің сауалына жауап берді деп хабарлайды Baq.kz

Мұғалімдерді кезекші сыныптарға жұмысқа қабылдау үшін тиісті талаптар бар. Жүкті әйелдер, 65 жастан асқан мұғалімдер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қызметкерлер болса, бұл форматта жұмыс істеуге жіберілмейді. Яғни кезекші сыныптарда мұндай мұғалімдер жұмыс істей алмайды, - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов журналист қойған сауалға.

Министр ауру таралуын болдырмас үшін температураны бақылап, барлық санитарлық талапты сақтау керектігін айтты.

Егер мұғалімдер жұмыс кезінде коронавирус жұқтырса, оларға өтемақы төленбейді, – деп жауап берді министр.

 

 

Пікірлер