Цифрландыру бойынша байқау жарияланды

1997
Adyrna.kz Telegram

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ инстаграм парақшасында «Цифрланудағы үздік» байқауын жариялады.

«Біздің ұтыс ойындарымызды көптен күткен боларсыз, бүгін біз «Цифрланудағы үздік» байқауының басталғанын жариялаймыз.

Сонымен, ол үшін:

❇️ ХҚО-ға бармай-ақ, қандай қызметтерді өзіңіз алатындығыңыз, оларды қаншалықты жақсы білетіндігіңіз және қай қызметті онлайн форматқа ауыстыруға болатыны туралы пост жазыңыз;

❇️ постымыздың астына екі досыңызды белгілеп, «Қатысамын» сөзін жазыңыз;

❇️ біздің аккаунтымыздың жазылушысы болып, конкурстың қорытындысы шыққанға дейін парақшаңызды ашық ұстаңыз» делінген хабарламада.

Байқау нәтижелері 1 қыркүйекте лайк саны бойынша анықталады. Ең танымал посттың авторына музыкалық колонка, тағы екі қатысушы «Азаматтарға арналған үкіметтен» бірдей пайдалы сыйлықтарға ие болатындығы айтылған.

Олай болса, Сіз де бағыңызды сынап көріңіз! Мүмкін цифрланудағы үздік адам Сіз боларсыз! Іске сәт!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер