Әлемдегі 10 ел Ковид-19 жұқтырмады, бірақ бұл елдер осы ауруды жеңді ме?

2015
Adyrna.kz Telegram

Ковид-19-ды әлемдегі барлық ел жұқтырды ,ал жұқтырмаған 10 ел не  істеуде?

Палау қонақүйі осылай аталады, өйткені ол 1982 жылы ашылған кезде , тек «Палау» қонақ үйі болған. Басқа қонақ үй болған жоқ. Содан бері, аспан түстес көгілдір  Тынық мұхиты қоршап тұрған жерде туризмнің өркендеуіне жол ашылды.

2019 жылы Палауға 90 мың турист келді, бұл жалпы халық санынан бес есе көп. 2017 жылы ХВҚ мәліметтері бойынша туризм елдің ЖІӨ-нің 40% құрайды.Бірақ бұл Ковидке дейін болған.

Палау шекаралары іс жүзінде наурыз айының аяғынан бастап жабылды. Бұл әлемде Ковид-19 жоқ 10 елдің бірі (Солтүстік Корея мен Түркіменстаннан басқа).

Дегенмен, бұл елдерде вирус бір адамға жұқпаса да, елге оңайға сокпады.

Наурыз айынан бастап «Палау» қонақ үйі жабық. Мейрамханалар бос, кәдесый дүкендері жабылып, қонақүйлерде тек  карантинге байланысты қайтып келген жергілікті  тұрғындар бар.

Ковид-19 оқиғасы тіркелмеген елдер

Палау

Микронезия

Маршалл аралдары

Науру

Кирибати

Соломон аралдары

Тувалу

Самоа

Вануату

Тонга

« Мұхиттың осы көрінісі  әлемдегі басқа жерлерге қарағанда әдемі», - дейді «Палау» қонақүйінің менеджері және иесінің бірі  Брайан Ли.

Брайанның қызу жұмысын  жүргізген - аспан-көк мұхит. Ковидке дейін оның 54 бөлмесінде 70% -80%  туристке толы болған. Бірақ шекаралар жабылған кезде, арқа сүйер еш іс болмады.

«Бұл кішкентай ел, сондықтан жергілікті адамдар Палауда қалмайды», - дейді Брайан.

Оның 20 шақты қызметкері бар және сағат саны азайған  жұмыспен олардың барлығын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «Мен оларға жұмыс іздеуге тырысамын - техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тағы басқалар», - дейді ол.

Бірақ бос отельдер ұзақ сақталмайды және жаңартылмайды. «Мен тағы жарты жыл тұра аламын.Содан соң, мен қонақ үйді жабуым мүмкін», - дейді Брайан.

Брайан тұрғындарға қаржылық қолдау көрсетіп, вирусты сақтап қалған үкіметті айыптамайды.

«Менің ойымша, олар жақсы жұмыс жасады. Бірақ Палау қонақ үйі күйремес үшін, жақында бір нәрсе өзгеруі керек.», - дейді ол.

Жақында сол елдің президенті «маңызды» әуе сапарлары 1 қыркүйекке дейін жалғасуы мүмкін деп мәлімдеді. Сонымен бірге Тайваньмен туристердің келуіне мүмкіндік беретін «әуе дәлізі» туралы қауесет тарады.

Ақпарат Би-Би-Си агенттігінен алынды                   

Ағылшын тілінен Адырна ұлттық арнасы үшін аударылды,редакциялаған :Нағима Базарқызы

Пікірлер