“Электронды үкіметтің” мүмкіндіктері

4521
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі кезеңде әлемдегі цифрлық технологиялар әрқилы дамып жатыр. Өз шаруаңызды жылдам бітіріп, кезекте тұрудан қашсаңыз сізге ыңғайлы техникалық мүмкіндіктер жасалып отыр. Соның бірі-Электрондық үкімет.

Е-gov-бұл мемлекеттік қызметтерді онлайн түрінде пайдалануға арналған портал. Бұл азаматтарға ұялы телефон арқылы да қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.

Порталда экономика, мәдениет, білім, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өміріқызметінің басқа да салалары бойынша көптеген ақпараттық қызмет көрсетеді.

Электронды үкіметтің көмегімен сіз:

-мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ(бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу т. б.

-коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: темір жол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.

-өтініш беру және лицензия алу

-бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшінайыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушықұжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.

-мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу

-электрондық цифрлы қолдаңба (ЭЦҚ) әзірлеу

Электрондық үкімет порталында қызмет алу артықшылықтары қатарына уақыт үнемдеу, кезектің болмауын, мемлекеттік деректер базасына сұранымдар жасау есебін қажетті қажетті құжаттар санының азаюын, әрі ең бастысы-барлық қызметтер онлайн, яғни барлықуақытта онлайн, кез-келген уақытта қол жетімді.

Әлемдегі індетке, елімізде  қазіргі орын алып отырған ахуалға байланысты барлық мекемелер онлайн режиміне көшіп, электронды түрде қызмет көрсетіп жатыр. Егер де Электрондық Үкімет порталы арқылы жұмыс істей алмасаңыз, операторларға хабарласып кеңес ала аласыз.

Халыққа қызмет көрсету немесе тағыда басқа мемлекеттік мекемелерге еніп, жұмыстарыңызды бітіру үшін осы E-gov порталы арқылы кезекті броньдап, өз кезегіңізді аласыз.

Электронды үкімет порталына Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылады. Сұрау салған ақпаратыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады.

E-gov порталы арқылы 2018 жылға дейін 7 жыл ішінде 200 млн қызмет көрсетілген. Қолданушылардың саны 2009 жылы 10 мың 960 болса, 2018-жылы 7 млн-ға дейін жеткен. Қазір елімізде, аймақтарға карнатин режимі енгізлген соң жаппай онлайн режимге көшкен соң тіркелушілер мен пайдаланушылардың саны тағы да артқаны белгілі.

Қазіргі таңда Қазақстанда “Электрондық Үкімет” белсенді түрде іске асырылуда және еліміз осы бағытта Азия көсбасшыларының бірі болып табылады.

Электрондық үкіметтің call-орталығының телефондары арқылы сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: 8-800-080-7777, 1414

Және ұялы телефоныңызға Е-gov электронды қызметін жүктеп, қолдана аласыз.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер