Күштік құрылым өкілдері есікті сындырып кірді (видео)

1425

Адвокат Абзал Құспан Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағановтың өз үйінде ұсталған сәтіне куә болды. Ол экс-шенеуніктің заң аясында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы "Адырна" тілшісі 1991.qaz-ға сілтеме жасап хабарлайды.


"Мүслім Оңдағанов заттарын жинап, түзету мекемесіне қайта баруға дайындалып жатқан. Осыған қарамастан, жасақ қызметкерлері есікті сындырып, үйге бас көктеп кіріп, оның жанұясын, сонымен қатар 64 жастағы зейнеткер үлкен ағасын жерге жатқызып, басына автомат тақады.

Олар болып жатқа оқиғадан қорқып, жылаған кішкентай балаларға да аяушылық білдірмеді. Осы жағдайдан кейін кейбір заттар сынды, ал кейбіреулері мүлде жоғалып кетті", - деп арызданды Абзал. Құспан. Сонымен қатар адвокат 135 миллион теңге келтірілген шығынның 51 миллион теңгесін төлегенін атап өтті.

"Залалдың жалпы сомасының төленбеген бөлігі 67 миллион теңге емес, одан әлдеқайда аз. Мен ұсынған және іс материалдарында сотталған басқа адамдарға, Бекарыстанов пен Жетпісовке қатысты қаулы бар, олар келтірілген залалдың бір бөлігін төлеп, шартты түрде босатылған. Сондай-ақ, ай сайын олардың жалақысының бір бөлігін сот орындаушылары ұстап қалады", - деді түсіндірді адвокат Абзал Құспан.

Еске сала кетсек, бірнеше кұн бұрын Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов түзету мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны туралы ақпарат шыққан еді. Алайда кеше оның қайтадан қамауға алынғаны белгілі болды.

Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы