Биыл Алматы ХҚО-лары арқылы мыңға жуық адамға спорттық атақ-дәреже рәсімделді

2825
Adyrna.kz Telegram

Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде белгіленген. Осы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистері арқылы қанша спортшы атақ пен санатқа ие болғаны есептеліп, бұл тараптабиылғы жеті ай ішінде 1 544 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды. Оның ішінде 952-сі Алматы қаласының үлесіне тиіп отыр.

«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚРеңбек сіңірген спорт шебері», «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі», «Ұлттық спорт төрешісі» және тағы басқа да бірқатар атақ-санаттарды беру туралы мемлекеттік қызметтерді алу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі атақ-санаттың дәрежесіне қарай әртүрлі. Оның үстіне бұл қызметтер бірнеше кезеңнен тұратындықтан, мерзімі де 24 жұмыс күнін құрайды.

Спорттық атақ пен санаттарға қатысты қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Нәтижесінде қызмет алушының қолына ХҚО-даспорттық атақ беру туралы куәлік немесе біліктілік санатын беру туралы куәлік, тиісті омырауға тағатын белгі немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы жауап ұсынылады.

Айта кету керек, азаматтар спорттық атақ пен санаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сондай-ақ спорт және дене шынықтыру саласындағы өкілетті орган мен egov.kz электрондық порталы арқылы да рәсімдей алады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер