ӨМІРЗАҚ АҚЖІГІТ: Крематорийге алдымен басшылар өртелсін!

1166

Бізде салынатын ТҰҢҒЫШ крематорийге ең алдымен соны салу туралы шешім қабылдағандар (депутаттар, әкімдер, т.т.) мен салғандардың (прорабтар, құрылысшылар) өздері мен олардың әйелдерін, бала-шағаларын өртеу керек.

"Салғандарды не үшін?" дейсіздер ме? Соғыстан соң Бакуде тұтқын немістер кірпіш қалайтын ерітіндіге (раствор) қосатын цементті нормадан аз берген әзірбайжан бастықтардың айтқанын істемей қойған. "Құрылыс біздің елдікі ғой, сендердің нелерің кетеді?!" дегенде: "Біздің "неміс" деген абыройымыз кетеді!" деп жауап берген.

Біздің да қарапайым жұмысшылар білген б...н жеп жаман үйренген, бетімен кеткен жемқор басшылардың кесірінен келер жаман аттан қазақты осылай арашалап қала алады. Ықылас, ниет болса, әрине...

Өмірзақ Ақжігіттің жазбасынан

Пікірлер
Редакция таңдауы