Күніне қанша мөлшерде қант тұтынуға болады?

1863

Маман кеңесі: Күніне қанша мөлшерде қант тұтыну керек?

Сіз шоколад пен конфет жеуді тоқтатқаныңызбен, қант сіздің соңыңыздан еш қалмайды. Себебі, құрамында қанты бар заттардың тізімі тым көп: бал, йогурт, жемістер...жалғасып кете береді. Қанттың да ағзаға пайдасы бар, бірақ ол мөлшерден асып кетпеуі тиіс. Сонымен, сіз күніне қанша қант жей аласыз?

Қантты дұрыс таңдаңыз 

Қант орнына табиғи жеміс, бал, сироп секілді тәтті заттарды пайдаланғаныңыз дұрыс. Мысалы, құрма шоколадтан тәттілігі жағынан еш кем түспейді, және оның құрамында микроэлементтер мен талшықтар көп. Ақ қанттан түбегейлі бас тартқан жөн. Сондай-ақ, қант қосылған тағамдарды да пайдаланбағаныңыз абзал.

Өлшемді дәйім қадағалаңыз

Орташа алғанда, адам күніне 19 шай қасық қант мөлшерін пайдаланады екен. Бұл шамамен 300 калорияны құрайды. Қанттың мұндай көп мөлшерде болуы десерт, жеміс-жидек, жарма, өзге де заттардың құрамында болуынан.

Күніне қанша мөлшерде қант жеуге болады?

          Мәліметтер бойынша күніне бір рет жеуге болатын қанттың ең көп мөлшері:

          Ер адамдар: күніне 150 калория (37,5 г немесе 9 шай қасық);

          Әйелдер: күніне100 калория (25 г немесе 6 шай қасық).

          Тамақ рационыңызға қант қосудың ешқандай қажеті жоқ: қантты қаншалықты аз тұтынсаңыз, соғұрлым денсаулығыңызға пайдалы болады.

Егер қантты көп тұтынсаңыз

Қантты көп тұтынатын адамның көңіл-күйі құбылмалы болады. Артық қант, әсіресе жоғары гликемиялық индексі бар тағам безеудің өршуі мен әжімдердің ерте пайда болуына әкеледі. Ұзақ мерзім бойы қанты көп тағамдарды тұтыну әртүрлі қабынуларды, артық салмақты, жүрек жетіспеушілігі мен қант диабеті сияқты созылмалы ауруларды тудырады. Диетологтардың айтуынша, сүт пен жемістерден азғаға келер зиян жоқ, ал қанттан келер «жау» көп.

Айжан ПЕРДЕБЕКҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы