Медеу ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды

548

Алматы қаласы Медеу ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды. Орталықтың қызыл лентасын Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Оралұлы мен  Медеу аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Сәкен Жаббарұлы салтанатты түрде кесіп, оның маңыздылығын айтты. Сәкен Жаббарұлының айтуынша,  Медеу ауданында 5 ЖОО-ның, 12 ОАОО-ның жастары және 27 мектептің оқушылары өте белсенді. 

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Құрманқызы  Ауганбаева орталықтың үйлестірушісі мен қонақтарын Медеу ауданында пайдалануға берілген  Жастар ресурстық орталығының ашылуымен құттықтады.

«1 маусымнан бастап біз әр ауданда жастар ресурстық орталықтарын ашудамыз және бүгінгі күні бізде орталықтар жұмысының жақсы көрсеткіштері бар. Мысалы, жұмыспен қамту орталықтарының бағдарлаалары бойынша 600 – ден астам адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 500- ден астам адамға консультативтік  көмек көрсетілді. 375 психологиялық және 270 заң консультациялары өткізілді. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталықтары StopCovAlmaty, «бетперде киіңіз» автомобильдерге жапсырмалар немесе парақшалар тарату, карантиндік шараларды сақтауға  бағытталған эко-рейдтер мен рейдтер, COVID-19 таралуына қарсы күрес бойынша таралуына қарсы күрес бойынша 30-дан астам семинар-тренингтер мен бірнеше акциялар өткізді»

 

Қ. Орынбасар, Қоғамдық даму басқармасының Жастар саясаты бөлімінің бастығы:

"Іс-шара соңында әр ауданның Жастар ресурстық орталықтарының алдына таяу кезеңге міндеттер қойылды - «карантинге байланысты біздің бірінші кезектегі міндетіміз-жұмысқа орналастыру: жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар. Менің қйымша, әр орталықтың жоспары болуы керек, содан кейін айдың соңында біз нәтижелерді көреміз. Жастар жұмысқа орналасуға мүдделі.

Жастар ресурстық орталығы жастар үшін мынадай қызметтер атқарады:

-Аудан жастарының төл құжатын әзірлеу

-Жастармен ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу арқылы тікелей жұмыс

-Өмірлік тәжірибелерді үйрену

-Жастар отбасындағы жағдайды, қызметті мониторингілеу және талдау жастар қоғамдық бірлестіктерімен студенттік ұйымдар. Этномәдени бірлестіктермен үкіметтік емес жастар ұйымдары

-Жастар бастамаларын қолдау және жобалармен бағдарламаларды іске асыру негізінде жастар қажеттіліктерін Қызметкерлер, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсееді.

-Жастар ресурстық орталығында ашық есік күні өтеді. Мұнда жұмыспен қамту орталығының және Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің мамандары шақыртылады олар график бойынша жастарға консультативті көмек береді.

Гүлвира Асқар,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы