Коронавирусты емдеудің жаңа әдісі табылды

3644
Adyrna.kz Telegram

Мельбурн Корольдік технологиялық институтының басшылығымен халықаралық ғалымдар тобы әртүрлі инфекцияларды, соның ішінде коронавирус тудырған COVID-19-ды емдеудің жаңа әдісін тапты. Зерттеушілердің мақаласы Nature Communications журналында жарияланды деп хабарлайды, «Адырна» тілшісі.

  Мамандар безгек тудыратын плазмодия паразиттері көбінесе эритроциттердегі протеинкиназ ферменттерінің белсенділігіне байланысты екенін көрсетті. Сондай-ақ, олар қатерлі ісікпен күресуге арналған және осы ферменттердің белсенділігін жоятын дәрілер паразиттерді өлтіруде өте тиімді екенін анықтады. Бұл терапияның құнын төмендетуге, безгек, басқа вирустық (СOVID-19 және гепатит) және бактериялық инфекцияларға, оның ішінде антибиотиктерге төзімді жаңа препараттарды енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді.

   Ғалымдардың айтуынша, патогеннің өзіне емес, қабылдаушы ағзаның молекулаларына бағытталған препараттар дәрілік зат молекуласының мутациясы арқылы қоздырғыштың тез дамуын болдырмайды.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер