Батуми жетістігі

1483
Adyrna.kz Telegram

 24-26 маусым күндері Грузияның Батуми қаласында Годзю-рю Каратеден Еуропа чемпионаты өтті.

Қаржылық қиындықтарға байланысты толық құрамда қатыса алмаса да, каратешілеріміз 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленіп, олжамен оралды.

Жиырма шақты елден жиналған 600-ге тарта спортшылар қатысқан ірі жарысқа қатысып, мұндай олжамен оралу - құрметке лайық.

Жарыстың алғашқы күнінде біздің команда 1 алтын, 1 күміс, бір қола медаль ұтса, екінші күні жалпы медаль санын 8-ге жеткізді (2 алтын, 3 күміс, 3 қола).

Атап айтар болсақ, ирикуми-дзю нұсқасында 63 кг жастар арасында Қалжан Мирас алтын медаль иеленсе, ересектер арасында осы салмақта финалда екі қазақстандық - Несіпбек Бақтияр мен Есенжол Аманжол кездесті. Нәтижесінде, Аманжол Бақтиярға жекпе-жексіз жолын берді. победу без борьбы.

69 кг салмақта - Нұраддин Садықов – күміс медаль алса, Жасулан Даулеткалиев қола медальді иеленді.

Ирикуми-го бағдарламасында 63 кг ересектер арасында Несіпбек Бақтияр финалда 3 раундқа созылған жекпе-жекте жеңісті төрешілер литвалық қарсыласына берді. Осы бағдарламада Калжан Мирас және ката бағдарламасында Нураддин Садыков қола медаль иеленді.

Ермек Абаков,

вице-президент Федерации Годзю-рю Карате-до РК

Пікірлер